Бүгін: 21.02.2026
Реформалардың локомотиві сіздерсіздер, біздің ару жастар! Қазақстанның болашағы жастардың қолында, өз мүмкіндігіңді, арманыңды жіберіп алма. Жақсы оқып, еңбектенген адамның ғана арманы орындалады. Қасым-Жомарт Тоқаев

9 және 11-сынып ата-аналарына арналған жиналыс

      2026 жылғы 13 ақпан күні мектебімізде 9 және 11-сынып оқушыларының ата-аналарына арналған маңызды жиналыс ұйымдастырылды. Жиналыстың негізгі мақсаты – білім алушыларды қорытынды аттестаттауға сапалы даярлау мәселелерін талқылау және ата-аналармен тығыз байланыс орнату болды.

      Кездесу барысында мектеп әкімшілігі Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің талаптарына сәйкес өткізілетін қорытынды аттестаттаудың тәртібімен, мерзімдерімен және форматы жөнінде жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, емтихан тапсыру ережелері, академиялық адалдық қағидаттары және оқушылардың психологиялық дайындығы мәселелері қамтылды.

      Жиналыс аясында ата-аналар пән мұғалімдерімен жеке кездесіп, балаларының оқу жетістіктері, білім сапасы, алдағы емтиханға дайындық деңгейі туралы нақты ақпарат алды. Мұғалімдер тарапынан пәндер бойынша дайындық жоспары, қосымша сабақтар мен консультациялар кестесі таныстырылды.

      Ата-аналар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Кездесу ашық диалог форматында өтіп, өзара түсіністік пен ынтымақтастық атмосферасында ұйымдастырылды.

      Мектеп ұжымы білім алушылардың қорытынды аттестаттауды сәтті тапсыруы үшін жүйелі жұмыс жалғасын табатынын атап өтті.

2025-2026 оқу жылындағы қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі

 

  

  

  

 

Ашық есік күні

       2026 жылғы 27 қаңтарда мектепте 7-сынып оқушыларының ата-аналары мен пән мұғалімдерінің кездесуі өтті. Іс-шараға 125 ата-ана қатысты.

       Кездесу барысында пән мұғалімдері оқушылардың оқу қызметіне жан-жақты талдау жасап, оқу дағдыларының қалыптасу деңгейімен таныстырды, сондай-ақ оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар берді. Бұл формат әрбір ата-анаға пән мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен жеке әңгімелесуге, өз баласына қатысты сұрақтарын қоюға мүмкіндік берді.

       Баланың оқу үдерісі мен әлеуметтену барысын түсіну, оның жетістіктерін бағалау және уақтылы қолдау көрсету — әрбір ата-ана үшін аса маңызды. Кездесу іскерлік әрі мазмұнды жағдайда өтіп, ата-аналар тарапынан оң пікірлерге ие болды.

 

 

 

Мектепте ата-аналарға арналған Ашық есік күні

 

17.11.2025 ж. мектебімізде ата-аналарға арналған ашық есік күні өтті. Жиналыс барысында әр пән мұғалімі жеке-жеке отырып, ата-аналарды қабылдады. Ата-аналар балаларының оқу үлгерімі, сабаққа белсенділігі, үй тапсырмаларын орындау деңгейі және жалпы тәртібі туралы толық ақпарат алды. Осындай форматтағы кездесу ата-аналар мен мұғалімдердің тығыз байланысын нығайтып, оқушылардың білім сапасын жақсартуға бағытталған ортақ жұмыстың тиімділігін арттырады. Барлық ата-анаға уақыт бөліп келгендері үшін алғыс айтамыз!

  

 

Мұғалімдердің әдістемелік жұмысы мен оқушылардың ғылыми жетістіктері

 

2024-2025 оқу жылының қорытындысы

 

 

Пән мұғалімдерінің 5-сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесуі

       2025 жылдың 15 ақпанында №72 мектеп-лицейінде пән мұғалімдерінің 5 сынып оқушыларының ата-аналарымен кездесуі өтті. Ата-аналар өз сыныптарының мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен жеке сөйлесіп, баласының білімі мен тәрбиесі туралы сұрақтар қойып, мұғалімдерден оқу материалын жақсы меңгеру және қосымша ресурстарды пайдалану бойынша ұсыныс таралды. Ата-аналар директордың оқу жұмыс  жөніндегі орынбасарлары О. Д. Ан және М.Ж. Сандыбаева, оқу процесін ұйымдастыру бойынша, директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А. А. Амановамен мектепте іс-шаралар мен үйірмелерді ұйымдастыру бойынша әңгімелесе алды. Кездесу жақсы іскерлік деңгейде өтті, барлық ата-аналар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

 

  

Басшы блогы

Дюсенова Айман Жұмағалиқызы