«Бір шаңырақ астында» атты Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған фестиваль туралы
30 сәуір 2025 жылы Астана қаласындағы 72-мектеп-лицейде Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты мерекелік фестиваль өтті. Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында ұлтаралық достықты, өзара түсіністікті және толеранттылықты қалыптастыру.
Фестивальге мектептің 9-10 сынып оқушылары белсене қатысып, түрлі ұлттардың ұлттық киімдерін киіп,
билерін көрсетті. Сахна төрінде келесі ұлт өкілдері өз өнерлерін паш етті:
Қазақ халқы, өзбек халқы, украин халқы,үнді халқы,
испан халқы, бразилия халқы, кавказ халықтары
Фестиваль соңында барлық қатысушылар «Әрқашан күн сөнбесін» әнін хормен орындады. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті, оқушылар ұлттар арасындағы достық пен бірлік туралы терең түсінік алды.